jasqazaq.kz

Волонтерлер көмекке келді

12 маусым 2023, 19:33

 

 

Абай облысында волонтерлер мен белсенді азаматтар көмек беруге бел шешіп кірісті.
Қазір мұнда 180-нен астам волонтер, 50-ден 60-қа дейін волонтер топтасып, ауысыммен жұмыс істеуде. 24/7 режимде жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілермен қатар, волонтерлер де ауысыммен үздіксіз жұмыс істеуде.
Волонтерлерді жергілікті Лидер.кз волонтерлік ұйымы @volontery_semey_lider.kz, автоволонтерлерді «Колея» және «ОСА» автокөлік әуесқойлары клубы біріктіруде. Еріктілер азық-түлік сатып алумен, буып-түюмен, тамақ дайындаумен айналысуда. Үш штабта қажетті көмек көрсетуде. Автоволонтерлер азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізіп береді. Орманда жүріп-тұруға рұқсаты бар волонтерлерлер де бар. Олар күзет пунктіне дейін заттарды жеткізе алады.
Ұлттық волонтерлер желісі өз мүшелеріне консультативтік көмек пен қаражат жинап жатыр. Екі күннің ішінде ел тұрғындарынан 14 789 129,63 теңге ақша  жиналды. Бұл қаржы мақсатты түрде нақты орын алып жатқан аймақ тұрғындарының қажеттіліктерге бағытталады.  Мысалы: бензин алу, азық-түлікпен қамтамасыз ету және басқа да орындарда қажетті заттар. Оның ішінде тұрғындарды бетпердемен қамтамасыз ету бар.
Көмек көрсетуге ниет білдіріп жатқан тұрғындар да волонтерлер желісіне хабарласуда.  Бизнес-сектор, банктер және ҮЕҰ өкілдері де бар. AsarUme қоры @asarume_kz де Абай облысындағы өрттен қаза тапқан қызметкерлер отбасыларына көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Тек бүгін ғана 1,5 литр ауыз суымен, 400 кг қой және құс етімен, 600 кг көкөніспен (картоп, сәбіз, пияз), 100 литр өсімдік майымен тұрғындар қамтамасыз етілді. Шаруа қожалықтарының басшылары азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін екі көлікті жұмыс істеуге бөлді.

Семейдің белсенді волонтерлерінің бірі Евгения Павел: «Осындай кездерде біз бірге болуымыз керек! Бізді жеке көзқарастар, кейбір өкініштер, пікірлеріміз бөлмеуі керек. Оның барлығы ұмытылуы қажет. Біздің тағдырымыз бір! Біз бұл уақытты бірге көтеруіміз керек», — дейді.

JQ-Aqparat

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее