
Volkswagen компаниясы 30 мың адамды жұмыстан шығарады. Оның 23 мыңы Германияда қызмет істейді. Осылайша автоконцерн жылына миллиардтаған қаржы үнемдеп, табысты бір қалыпқа келтіруден үмітті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін компания төңірегінде дизельді қозғалтқыштарға байланысты дау-дамай туындаған болатын. Даулы мәселені шешуге, нақты айтқанда, көлік иелеріне жаңа көлік сатып алу және өтемақы төлеу үшін компания 10 млрд доллардай шығындалды. Тағы 4,7 млрд доллар қоршаған ортаға зиянды заттар бөлуді азайту және экологиялық таза көліктер жасау бағдарламасын іске асыруға жұмсалды.