jasqazaq.kz

Витас «Опера-2» әнін орындағаны үшін Димаштың үстінен арызданды

31 қантар 2017, 18:23

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Хунань өлкесінің Чаңша қаласында өтіп жатқан «I am singer-2017» байқауының екінші кезеңінде тағы да топ жарып, миллиардты мойындатқан еді. Бұл екінші турда ол Витастың «Опера-2» әнін орындады. Соған байланысты Витастың продюсері Димаштың үстінен шағым түсірді.  Бұл туралы  Baq.kz  ent.ifeng.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Витас Димаштың «Опера-2» әнін орындауына байланысты Watson&Band адвокаттар алқасына арыз түсірген. Хунан өлкесінің Чаңша қаласында орналасқан өлкелік телеарнасының атына бағытталған хатта: «Димаш Құдайбергенге бұдан кейін әлемнің және Қазақ Елінің кез келген сахнасында, кез келген концертте Витастың бірде-бір әнін орындауға рұқсат етілмейді және бұл талап орындалмаған жағдайда «Авторлық құқық туралы халықаралық заң» негізінде тиісті орындардың шешіміне жүгінеміз», — деп жазылған.

«Опера 2» әні — Ресейде тұратын атақты әнші Виталий Гогунскийдің авторлық туындысы. Әуенін де, сөзін де Витас жазған. 2000 жылы Витас бұл әнімен алғаш рет сахнаға шығып, әлем алдында танымал болды. Витастың шығармашылығына қатысты барлық ән «Пудовкин» продюсерлік орталығына тиесілі. Хунанның өлкелік телеарнасы өткізіп жатқан «Singer-2017» ән байқауында Қазақстаннан атынан барған әнші Димаш Құдайбергенов 28 қаңтар күні «Опера 2» әнін айтып, сахнаға шықты. Ал, «Опера-2» әні осы телеарна арқылы күллі Қытайға тарады. Мұнан тыс, бұл ән Қытайдағы барлық әлеуметтік желіге кеңінен таралуда. Димаш онымен қоймай, бұл әнді 30 қаңтар күні Қытайдың «жаңа жыл мерекесінде» де орындап, телеарна, интернет арқылы тағы да танымалдыққа ие болды. Витастың әндері әлемнің көп елдерінде тараған. Сонымен қатар, барлық құқы қорғауға алынған. Жоғарыда айтылғандай, Хунан өлкелік телеарнасы «Пудовкин» продюсерлік орталығының заңдық құқына зиян келтірді», — делінген бұл хатта.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде