
Шымкентте сот шешімімен ақша бопсалады деген күдікпен ер адам қамалды.
Облыстың Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына Шымкентте ер адам видеокамераға түсірілген материалдарды жариялаймын деп ақша бопсалап жүр деген хабарлама түскен. «Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы «Бопсалау» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Жедел іздеу шаралары барысында Шымкент қаласының 1980 жылы туған тұрғыны 50 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 253-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — дейді баспасөз қызметінің өкілдері. ОҚО-ның Абай аудандық соты 36 жастағы күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Tengrinews.kz хабарлағандай, полицейдер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтады. Соталды тергеу жүріп жатыр.