jasqazaq.kz

Видео «ҚазАгроҚаржы» басшыларын қызметтен кетірді

18 қантар 2017, 19:37

Фото: today.kz

Төбелес шығарған «ҚазАгроҚаржы» АҚ топ-менеджерлері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметтері бойынша, 2016 жылы 15 желтоқсанда орын алған оқиғадан кейін, қызметтік тергеу жұмыстары жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша, корпоративтік этиканы бұзған «ҚазАгроҚаржы» АҚ топ-менеджерлері атқарып келген қызметтерінен босатылды. «Тергеу барысында анықталғанындай, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары мен департамент директоры арасындағы дау жеке себептерден туындаған және олардың лауазымдық міндеттерімен, компания қызметімен байланысты болмаған. Тергеу кезінде олардың «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның корпоративтік этикасын бұзғаны анықталды және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен басқарма төрағасының орынбасары мен департамент директоры атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», — делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде