jasqazaq.kz

“Валентин” күнімен құттықтаған Салтанат Бақаева сынға ұшырады (фото)

14 ақпан 2017, 11:34

Актриса әрі әнші Салтанат Бақаева жұртты “әулие Валентин” күнімен құттықтаймын деп қатаң сынға ұшырады.

Ол 14 ақпан қарсаңында күйеуінен алған сыйлығын көрсетіп мақтанды. Одан кейін халықты Валентин күнімен құттықтады.

“Сүйіктіңнен осындай кереметтей сыйлықтар алған қандай жағымды. Достар, ал сіздер ғашықтар күніне орай екінші жартыларыңызға не сыйлайсыздар? Барлықтарыңызды келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын”, – деп жазады Бақаева.

Бұл ретте желі оқырмандарының басым бөлігі бұл мейрамның қазақ жұртшылығына да, мұсылман қауымына да тән емес екенін айтып, оны насихаттағаны үшін Бақаеваға ұрсып тастады.

“Алда келеді қазақтың мейрамы, соған дайындалсын сыйлық жасаушылар”, “Неге валентин мейрамын тойлайсыздар? Мұсылмандарға жат мейрам ғой. Сіз осы мейрам тарихын оқып көріңізші, не үшін тойланатынын. Сіздер халықтың алдында жүрген адамсыздар, әр адамның өз ойы бар, дегенмен жастар сіздерге қарап еліктейді”, “Тойлайтын мереке емес мұсылмандарға, естеріңді жиыңдар”, “Салтанат өзің қазақтың актрисасың, неге Валентинді тойлайсың?” – дейді олар.

Бұл ретте Бақаеваның өзі желі оқырмандарының сан түрлі жағымсыз пікіріне ренжіп қалды. Актриса Валентинге сенбейтінін, тек бұл күннің достармен кездесуге жақсы себеп болатынын жеткізді.

“Әр нәрсенің жақсы жағын алып, қалғанын сырып тастау керек деп есептеймін! Мен Валинтин дегенге сенбеймін, дегенмен достарыңмен кездескенде жақсы себеп! Менің парақшам ұнамаса өтінем шығып кетіңіздерші, менің көңілімді мазаламай! Сіздердің әр жазған сөздеріңіз көңіліме тиеді, өйткені адам болғандықтан сіздердің жағымсыз сөздеріңізге мән бермеу мүмкін емес!” – дейді ол.

stan.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде