jasqazaq.kz

Вайнерлер сотталды

23 маусым 2023, 19:16

Алматыда танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов cот үкімі шықты. «Астекс», «Мудараба капитал» қаржы пирамидаларын құрған вайнерлер бес жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қоныстану колониясында өтейтін болады.
200-ге жуық адамды сан соқтырып кеткен өзге 9 айыпталушыға 8 бен 14 жыл аралығында жаза кесілді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болған Алмас Құрманғалиев 14 жылға, оның көмекшісі Дәния Рахымова 12 жылға, «Астекс» компаниясының құрылтайшысы әрі директоры Ерлан Мансұров 9 жылға бас бостандығынан айырылды. «Мудараба капиталдың» басшысы Руслан Буркановқа 12 жыл жаза кесілді. Тергеу мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері салымшылардан түскен қыруар қаражатты мейрамхана, көлік, шұжық шығаратын цех алуға және өзге бизнеске жұмсаған. Жалпы, келтірілген шығын 5 миллиард теңгеден асады. Ал шетел асып кеткен Әділет Ораз бен Әзизжан Саидбаев халықаралық іздеуде.

JQ-Ақпарат

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі