jasqazaq.kz

Усэйн Болт қаза болған досына өзі барып, қабір қазып берді (видео)

15 мамыр 2017, 10:56

Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы Усэйн Болт жақын досы — биікке секіруден Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Джермейн Мейсонға қабір қазып берді. Әсерлі оқиғаның видеосын Twitter қолданушыларының бірі жариялады. «Әйгілі атлет Портландта (Ямайка) үш апта бұрын қаза тапқан досына қабір қазып жатыр», — делінген видеоның сипаттамасында. Айта кетейік, Джермейн Мэйсон 20 сәуірде Кингстонда (Ямайка) мотоциклмен келе жатып, жол апатына түскен. Спортшы әуежайға бара жатқан жолда қауіпсіздік шлемін кимеген. Ол мотоциклден құлап, ауыр жарақат алып, кейін қаза болған. © Instagram Мэйсон — Ямайка тумасы. 2006 жылы ол Ұлыбритания азаматтығын алып, содан бері осы елдің атынан өнер көрсетіп жүрген. Атлет Усэйн Болтпен 2002 жылдан бері дос. Джермейн Instagram желісіндегі парақшасында бірге түскен суреттерін де жариялаған. Мэйсонмен қоштасу рәсімі Ямайкада 21 мамырда өтеді.

https://youtu.be/haxaDHD842o

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде