
Универсиадада билеген оператор Қазнетті таңдандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Телекөрермендер оператор түсірген картинаны ғана көреді, алайда Алматыдағы Универсиаде-2017 кезінде кадр сыртында қалуға дағдыланған оператор жанкүйерлердің камера объективіне ілікті. Майкл Джексон әніннің ырғағына билеген оператор жайлы видео Қазнетке кең таралды. Мессенджер мен әлеуметтік желі пайдаланушылары көпшіліктің көңілінен шыққан видео бір бірлерімен бөлісіп жатыр. Бұл оқиға шамамен Универсиада кезінде хоккей матчтары өтетін «Халық Аренеда» түсірілген.
https://www.youtube.com/watch?v=emRacz3QmCE&feature=youtu.be