jasqazaq.kz

Универсиада кезінде Шымбұлақта мерт болған ресейліктің отбасына 2 миллион беріледі

17 наурыз 2017, 9:53

«СК «Казкоммерц-Полис» АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) Алматыда өткен 28-ші қысқы Универсиада ойындарының ресми сақтандырушысы болған.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 7 ақпанында Шымбұлақта Ресей азаматы қар көшкінінің астында қалып, қаза тапқан болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм Ресей Федерациясының азаматы және жарыстардың рефериі екен. Алайда сақтандыру шарттарына сәйкес, бұл жазатайым оқиға болғандықтан сақтандыруға келмейді екен. Алайда акционер Кеңес Ақышевтің шешімімен компания өз еркімен қаза тапқан ер адамның отбасына материалдық көмек ретінде 2 миллион теңге аударды. Компанияның директорлар кеңесі мен ондағы қызметкерлер қаза тапқан ер адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде