jasqazaq.kz

Универсиада: Еріктілер аш құрсақ боп жүр ме?

31 қантар 2017, 16:34

Универсиадада  еріктілер тамаққа тоймай  жүр ме? Еріктінің анасы Жазира Тәжібекова facebook желісінде еріктілерге берілетін тамақ мәзіріне көңілі  толмайтынын жеткізді.  Оның айтуынша, Универсиада еріктілері таңнан кеш батқанша жұмыс істейді. «Сұрағым келетіні: оларға берілетін тамақ неге тойымды емес?  Таза ауада, тау аясында аш қарынмен жұмыс істеу қиын емес пе? Ал сіздер беретін тағамды жеу мүмкін емес!!! Менің ұлым өзімен бірге тамақ алып кетеді. Ол жерде жаутаңдаған жүздеген көз тұрғанда, бөлісуіне тура келеді.  Міне, Универсиада еріктілерімен қоса, спортшылар мен жаттықтырушыларды мынандай сапасыз тағаммен тамақтандырады», -деп желіге суретін жүктеді.

Универсиада-2017 ұйымдастырушылары  осы  жәйтке байланысты informburo.kz сауалына жауап берді.

Баспасөз қызметінің хатында еріктілерді күнделікті тамақтандырылатыны атап өтілді. Оларға бір уақыт ыстық тамақ берілетінін атап өтті.

«Жарысқа қатысушылар таңғы 05:00 -тен түнгі 12:00- ге дейін   Атлетика қалашығынан тамақтанады. Ал еріктілерге  бір рет ыстық тамақ беріледі.  Ас ланч-блок түрінде таратылады. Оның құрамына  салат, ыстық ет, гарнир кіреді. Сонымен қатар еріктілерге ыстық чай мен тәттілер үлестіріледі»- делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде