jasqazaq.kz

Универсиада дирекциясының қызметкері қайтыс болды

01 ақпан 2017, 12:11

Универсиада-2017 дирекциясының қызметкері 33 жастағы Бауыржан Рафиков қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Универсиада-2017 ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұровқа сілтеме жасап.

Нұровтың айтуынша, қайғылы оқиға 31 қаңтарда «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде болған. «Біздің қызметкерлер жұмыс күнінен кейін жертөледе болды. Бірде олардың біреуінің жағдайы нашарлап кетті. Содан қасындағы қызметкерлер жедел штабта кезекші болған медициналық қызметкерді шақырды. Ол алғашқы жәрдем көрсетті. Реанимобильді де шақырттық, ол 7 минуттан соң келді», — деді Нұров.

Оның айтуынша, қызметкерге 40 минут бойы реанимациялық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, ол еш нәтижесін бермеді. «Оқиға орнына ІІД қызметкерлері, прокуратурадағылар, Алматы қаласының басшылығы келді. Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкеріміздің өліміне жүрек жетіспеушілігі себеп болды», — деді ол.

Сондай-ақ  Нұров қайтыс болған ер адамның дирекцияда бір айға таяу жұмыс істегенін айтты. «Не дегенмен біз оны командамыздың мүшесі деп санаймыз. Қызметкерімізді жерлеу рәсіміне қажетті шығынды мойнымызға аламыз. Оның артында егде жастағы анасы, әйелі және екі баласы қалды», — деді Наиль Нұров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде