jasqazaq.kz

Украина мен Молдова азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топ сотталды (Видео)

22 қазан 2024, 12:47

Ақмола облысының мамандандырылған сотының үкімімен Ерейментау қаласының шетіндегі жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған топ Астана аумағында сату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін жолға қоймақшы болған.

Трансұлттық қылмыстық топ Украина мен Молдова азаматтарынан құралған.
Оларды ұстау кезінде қылмыс орнынан 10 кило мефедрон мен 17 килодан астам прекурсорлар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды.

Қылмыскерлер синтетикалық есірткіні қатаң құпиялылықта жасаған. Үй онлайн режимінде деректерді ұйымдастырушыға жіберетін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған Шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін гараж жалға алынған.
Қылмыстық іс Ерейментау ауданының прокуратурасымен сотқа жолдану барысында, аталған тұлғалардың әрекеті трансұлттық ұйымдасқан топ ретінде сараланған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді.
Ұйымдастырушы 23 жылға, ал сыбайластары 22 жылға мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat
Видео: Бас прокуратура

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі