jasqazaq.kz

Украин саясаткерлері Трамптың Қырым туралы сөзін сынады

02 тамыз 2016, 12:36

 

7DE37F86-CFDB-4907-898D-D4C412D3EDA4_w987_r1_s

Дональд Трамп

 

Украин саясаткерлері АҚШ президенттігіне Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамптың Қырымға қатысты сөзін сынады. Трамп 31 шілде күні берген сұхбатында егер президент болып сайланса, Ресейдің 2014 жылы наурызда Қырым түбегін Украинадан аннексиялап алуын мойындау мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеген.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков Facebook-тегі парақшасында Трамптың сөзін «сөкеттік» деп атады. Ол сонымен қатар «Путин диктатурасын қолдайтын маргинал АҚШ пен әлемде демократиялық еркіндікке кепіл бола алмайтынын» да айтты.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Арсений Яценюк Трамптың мәлімдемесін «еркін әлемнің құндылықтарына доқ көрсету» деп атады. «Мұны надандық деуге келе ме екен. Бұл –  моральдық және өркениеттілік ұстанымдарын бұзу» деді Яценюк.

 

Азаттық радиосы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде