jasqazaq.kz

Учаскелік полицей суицидтің алдын алды

29 желтоқсан 2016, 17:51

 
Рудныйлық учаскелік полицей өзіне-өзі қол жұмсамақшы болған адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Бүгін сағат 14.00-де Рудный қалалық ішкі істер басқармасына өзіне-өзі қол жұмсамақшы болған жас жігіттің Ленин көшесі, 270 мекенжайындағы көпқабатты үйдің шатырына шығып тұрғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті», — деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі. Айтылған жерге учаскелік полицей Қайрат Дәуренбеков барады. Ол шатырдың үстіне шығып, жігітпен сөйлеседі. Ол бұрынғы жұбайының 10 айлық ұлын көрсетпейтінін, сол себепті суицид жасағысы келгенін айтады. Сақшы ер кісімен сөйлесіп, мұндай әрекет жасамауға көндіріп, төмен түсіреді. Қазір оған психологиялық көмек көрсетілуде. Учаскелік полицей ер  кісінің бұрынғы жұбайымен кездесіп, мән-жайды анықтамақшы.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде