jasqazaq.kz

Қуат Домбай: Бізге магистр емес, өндіріске маман қажет

09 наурыз 2017, 13:22

Осыдан 2-3 жыл бұрын ашылған «Серпін» бағдарламасының басты мақсаты – отандастарымыз көп шоғырланған оңтүстік өңірдің жастарын солтүстікке жіберу еді. Сол жақта білім алып, өндіріс орындарына жұмысқа орналасады. Бүгінде оңтүстігімізде бала көп болғандықтан үш ауысыммен оқуларына тура келіп жатыр. Ал солтүстікте жағдай керісінше.

Оқушы саны жетпегендіктен кейбір мектептер жабылуы ықтимал. Бұл өңірдің кейбір тұрғындары Ресейге көшіп жатыр. Ал оңтүстіктің жастары университеттке түсу үшін Астана мен Алматыға шапқылайды. Түсе алмаса, екі қаладағы жұмыссыздар санын одан ары көбейтеді. Ауылына қайтейін десе ол жақта да жұмыс жоқ. Алматыда осыған дейін Универсиадаға орай жүргізіліген құрылыс жұмысы бар еді. Ол да аяқталды. Енді құрылыста жүрген отандастарымыз не істейді? Солтүстікте өндіріс орындарына жұмысшы керек. Біз жуырда Екібастұзда болдық. Сол жердегі өндіріс орнының қасында коллеж бар екен. Мұнда өндіріс орындарына қажетті мамандыққа оқытады. Бірақ сол коллежде студент өте аз. Оқып жатқан жергілікті балалардың өзі Омбы, Томскіге кетіп жатыр. Сонда өндіріс орындарында кім жұмыс істейді? Сондықтан да осы кемшлікті жою үшін «Серпін» бағдарламасы қабылданған еді. Еліміз бойынша 70-тен астам университет бар. 80 млн халқы бар Ұлыбританиямен жоғары оқу орнының саны бірдей. Олар қандай мамандықты дайындап жатыр? Бізге өндіріске қажетті мамандық даярлау керек. «Серпін» бойынша коллежге түскендер, солтүстік өңірде білім алып, жұмысын жалғастыра алады. Мемлекет тарапынан оған арнайы грант бөлінеді. Өндіріс орындары даяр маманға жатаханаға дейін дайындап, күтіп отырады. Маған өткен жолы «осы бағдарлама жабылады» деген хабарлама түскенде, әлеуметтік желідегі парақшамда мәселе көтердім. Артынша білім және ғылым министрлігінен жауап келді. Онда коллежге берілетін орын, университетке бөлінетіні айтылған. Мен бұл шешіммен келіспеймін. Неге? Себебі бізге жұмыс істейтін, өндіріс ошағының күлімен кіріп, түтінімен шығатын маман қажет. Министрлік «15 жастан балалар Солтүстік өңірге барғысы келмейді» — деп түсіндіреді.  Шынтуайтына келгенде, 25 жастағы азамат та коллежге түсіп оқыса болады. Жасқа шектеу қойылған емес. Ол үшін коллежге берілетін грантты жоғары оқу орнына берудің қажеттілігі қанша? 6-7 жыл оқыған магистрді жіберіп қайтеді? Бір қызығы, минстр және оның қарамағандағылар «Серпін» бағдарламасын жаптық» — деп айтпайды. — Біз оны тоқтатқан жоқпыз, керісінше бөлінетін қаржы көлемін ұлғайттық» — деп отыр. Жақсы онда маған нақты коллеж бойынша мәлімет беруді сұрадым. Қанша студент оқиды? Алдағы уақытта қаншаға көбейтіледі? Әлі жауап алмадым.

Қуат Домбай, қоғам қайраткері

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде