jasqazaq.kz

Қуандық Рахымның жаңа бейнебаяны тыңдармандарды тебірентті (видео)

07 ақпан 2017, 10:56

Қуандық Рахым… Бұл есімнің қазақ шоу-бизнесіне қосылғанына көп бола қойған жоқ. Десе де бүгінде талапты да талантты бұл әншіні мыңдаған тыңдармандар сүйіп тыңдайды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Себебі оның әндері жүректі тербейді, жанды тебірентпей қоймайды. Ал оның өзіне ғана тән қоңыр даусы мен әдемі үні кез келген туындыға әсем әр береді.

Ендеше әншінің тыңдармандары үшін жағымды жаңалық! Қуандық Рахымның екінші «Ай жүрегім» деп аталатын бейнебаяны жарыққа шықты. Клипте Қуандықтың жалғыз өзі бой көрсетеді. Артық ешкім жоқ. Сонысымен-ақ бұл бейнебаян бұрынғылардан дараланып тұр.

Ал әннің тарихы тіпті ерекше. Мәтін авторы жас та болса өзіндік есімін қалыптастырып үлгерген жас ақын Ботагөз Бексары. Бойжеткен бұл туындысын қоштасқан махаббатына арнаған.

«Маңдайға екі сызылмайтын тағдырыма разымын мен. Оны кездестіргені үшін де! Шырын сезім… тәтті қиял… тәтті армандар… қос жүректі қоса толқытқан махаббат әлегі… кедергілер… тәтті естеліктер… тәтті sms-тер… толассыз келіп жататын раушан гүлдер… дүниенің қай байлығына да айырбастағың келмейтін қамқорлық… қызғаныштан өртенген жүрек.. ертегі күн-түндер… зарыға күту… шаршаған көңілге ойда жоқта құйылған шуақ… қуыршақтай құнтитып еркелетер тәтті сөздер… Бәрінің өтеуі болуы тиіс. “Айжүрек” деп атайтын сол азаматқа арнадым осы тәтті әнімді, өзі біледі. Мейлі қазір байқар, мейлі кейінірек тыңдар, ол екеуміздің арамыздағы тәтті үнсіздігіміз, тәтті сырымыз боп мәңгіге қалады бұл ән. Содан болар осыншама ыждаһаттылықпен, дегбірсіздене, сарыла күткенім бұл әнді. Жүз жылда да, жо-жоқ мың жылда да таба алмайтын маған деген ыстық та мөлдіреген іңкәрлігі, оған деген ынтызарлығым үшін қарыздар едім ғой оған! Бұл – менің рақметім болсыншы», – деп жазады Ботагөз Бексары.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде