jasqazaq.kz

Уақ малды экспорттауға квота енгізіледі

15 маусым 2023, 12:25

Министр Ербол Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығы жануарларын ҚР аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды.

Бұйрықта: «Қазақстан аумағынан үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 60 000 бас тірі ірі қара малды және 120 000 бас тірі қой мен ешкіні әкетуге 6 ай мерзімге квота енгізілсін» делінген.

Белгіленген сандық шектеуден асып кеткен жағдайда, жануарлар карантинге қойылады және құзырлы орган оларға ветеринариялық сертификат беруді бұғаттайды.

Құжатқа сәйкес, бұқаларды карантинге қою үшін лимит 60 мың бас. Оның ішінде:
— бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас;
— тауар өндірушілер үшін – 30 000 бас.
Ал еркек тоқтыларды карантинге қою үшін лимит 120 мың бас. Оның ішінде:
— бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас;
— тауар өндірушілер үшін – 90 000 бас.

«Қазақстан аумағынан бұқаларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық мөлшері 500 бастан аспайды. Ал тауар өндіруші үшін 200 бастан көп болмауы тиіс. Еркек тоқтыларды әкетуге квота алуға үшін бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жалпы көлемі – 1 000, бір тауар өндіруші үшін 500 бастан аспауы қажет», — деп жазылған құжатта.
Бұйрық 23 маусымнан бастап күшіне енеді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі