jasqazaq.kz

Уақытша тіркеу туралы норманың күші жойылғаны жалған болып шықты

17 ақпан 2017, 13:49

Кеше БАҚ-та азаматтарды тұрғылықты жері бойынша міндетті тіркеу туралы норма «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасынан алынып тасталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Вaq.kz сайты Мәжіліс депутаты Жанат Жарасовқа хабарласып, мәліметтің рас-өтірігін анықтады.

Жанат Жарасов уақытша тіркеуді қайта қарау мәселесі көтерілмегенін, жалған ақпарат тарап кеткенін айтты.

«Ол ақпаратты көріп, өзім де таңғалдым. Тіркеу туралы норма заңнан алынып тасталды деген әңгіме қайдан шыққанын білмеймін. Шындыққа жанаспайды. Мүмкін онда бұрын талқыға түскен ұсыныстар айтылған болар. Тіркеу туралы заң бұрынғысынша жұмыс істеп жатыр», — деді депутат.

Айта кетейік, БАҚ-та тараған мәліметте тіркеу ережесін бұзған пәтер иелерін жауапкершілікке тарту кезінде жемқорлық қаупі туындайтын болғандықтан Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті құқық қорғау органдарымен біріге отырып басқа ұсыныстар енгізгелі жатқаны жазылған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде