jasqazaq.kz

ТЖМ: Ересектер көбіне мас болып, балалар қараусыз қалғаннан суға кетіп жатыр

31 шiлде 2024, 13:38

Елімізде адамдардың шомылу кезінде суға батып кетуінің негізгі себептері аталды.
«Елімізде 85 мыңнан астам өзен және 48 мың көл бар. Байқағанымыз, Балқаш, Каспий басқа да үлкен су айдындарына қарағанда, кішірек өзен, көлдерде суға кету жағдайы жиі орын алады. Ересектерге келсек, көбінесе ішімдік ішкеннің кесірі, ал балалар ересектердің қарауынсыз қалғандықтан шомылудың арты қайғылы жағдайға ұласып жатады», — деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ТЖМ өкілінің айтуынша, кейбір адамдар шамасына қарамай жүзгісі келеді.
Шілденің басында хабарлағанымыздай, шомылу маусымы басталғалы елімізде 70 адам суға кетіп мерт болған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі