jasqazaq.kz

Түтін құрсауынан құтқаратын қадамдар

31 мамыр 2023, 13:13

kazpravda.kz

Фото: kazpravda.kz

Алматы Алатау баурайындағы көрікті қала болғанмен, экологиясы дабыл қақтыратын шаһар. Бертінде Әл Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеу орталығының директоры Болат Кеңесов Алматы әлемдегі ауасы ластанған 5 қаланың қатарына кіреді деген қорытындысын шығарды. Түтінге тұншыққан мегаполистің тұрғындарына қайтпек керек?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан екі жыл бұрын Алматыға келген сапарында екінші жылу электр орталығының газға көшірілетінін айтқан еді. Әлбетте, бұл — шаһар экологиясына оң әсерін тигізетін қарышты қадам.

Тозығы жеткен өндіріс нысандары, көліктің көбеюі, ЖЭО-нан будақтаған түтін, сайып келгенде Алматының экологиясын құртатын басты факторлардың бірі. Биыл қабылданған қаланың жаңа бас жоспары осы түйінді тарқатады деген үлкен үміт бар. Осыған орай KAZ ECO республикалық қоғамдық ұйымының жетекшісі Тимур Елеусізовтің осы пікірін білген едік:

Фото: instagram.com/timur_yeleussizov

Фото: instagram.com/timur_yeleussizov

«Жаңа бас жоспар бойынша Жылу электр орталығы газға көшеді. Сәйкесінше, ауаға тарайтын зиянды қалдық азаяды. Сондай-ақ велосипед, электромобильдерді көбейту ауаның тазаруына оң ықпалын тигізеді. Кәсіпорындарды жаңа технология енгізуге міндеттейді. Шаң, газдан тазартатын заманауи құрылғылар қолданысқа енгізіледі. 2040 жылға дейін қаланың экологиялық қорғаны қалыптасады деп айтуға болады. Дегенмен Алматының жасыл шаһарға айналуына әр тұрғын өз үлесін қосуы қажет. Қазір айтылып жатқан бастамалар міндетті түрде жүзеге асуы үшін табанды талабымыздан айнымауға тиісіз. Сонда ғана нәтижеге қол жеткіземіз».

Көлік саны көп қалада екінші ЖЭО-ны газға ауыстыру проблеманы түбегейлі шешпейді. Алматыда 700 мыңдай темір тұлпар тіркелген. Қосымша 400 мыңы күнделікті облыстан қатынайды. Қара түтіннің азайып, экологиялық ахуалдың жақсаруы үшін көпшіліктің автокөліктен автобусқа, электр самокат немесе велосипедке ауысқаны дұрыс. Соған сәйкес инфрақұрылымды қалыптастыру мәселесі туындайды. Қазір осы бағытта қарқынды жұмыс жүріп жатыр.

Алматыны көгалдандыру да атқарылуы тиіс үлкен жұмыстың бір бөлігі. Әр тұрғынға шаққанда абаттандырылған көгалдандыру көлемі 8,2 шаршы метр болуы шарт. Бүгінде алып шаһарда 2,5 миллионнан астам ағаш болса, соның 54 мыңы апатты жағдайда. Табиғат жанашырлары жасыл желекті отағанды тоқтатпаса, ауада қалқыған зиянды затпен күресу қиынға соғатынын айтады.

Өйткені ағаштар көмір қышқыл газын бойына сіңіріп, орнына оттегін бөледі.
Дегенмен Алматы ағаш отырғызудан кенде емес. Мәселен, биыл 320 мың ағаш отырғызу жоспарланды. Сондай-ақ қала әкімдігі 8 саябақ саламыз деп отыр.
Міне, осы аталған жоспар жүйесін тапса, өзекті мәселенің біржақты болары анық. «Жасыл экономиканың» аясында Алматы түтін құрсауынан құтылатын күн де қашық емес деп сенейік!

Асқарбек Қазанғап,
Алматы

 

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции