jasqazaq.kz

«Тұрсынбектің әйелі». Мөлдір Мұқанова әншілік жолға бет бұрды

20 мамыр 2025, 16:18

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова «Бүгін live» бағдарламасына сұхбат беріп, әншілік жолға түскенін айтты.

«Бес баланың анасымын. Қыздың жасы 18 емес, қыздың жасы дәл қазіргі уақытта 40-тан асты. Табиғат қой. Маған» бұл кеш, ұят болады, ел не айтады» деген дүниені тоқтата тұрып, өз арманыңды орындауға әрекет ету керек деп айтқым келеді. Ән айтуды бастадым. Жалпы басында өзімнің тек әлеуметтік желідегі парақшама салып отыруға, ішкі жанымның қалауын осы арқылы жасап, менің орындаған дүнием елдің көңілінен шығып жатса, соның өзі маған жетеді деген оймен жүрген едім. Енді бір қызығы, мені торғайлықтар шақырып, «келіп өнерлеріңізді көрсетіңіздер, келіңіздер, қарсы алып, күтеміз» деді. Мен бастыпқы 2-3 күн мен сахнаға шығуға дайын емеспін деп ойландым. Кішкене ұялатыным бар. Халық өзі қолпаштап, қолдап жатыр. Сол үшін алғыс білдіргім келеді», — деді.

Бірақ Мөлдір Мұқанованың мұнысы біреулерге ұнамай қалыпты.
«Сенсіз де өтірік әншілер аз еді, ақшаның буы ғой сенікі», «Тұрсынбектің әйелі болмасаң ешкім де болмас едің», «Ұялмаған әнші болады деген осы шығар» деп жазып жатыр.

JQ-Aqparat
Фото: әлеуметтік желіден

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы