jasqazaq.kz

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі «әнші болып кетті» дегендерге жауап берді

14 тамыз 2024, 13:40

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова әншілікке бет бұрмақ. Өнер иесінің әйелі әншілік ата-бабадан дарыған қасиет екенін әлеуметтік желіде жасырмады.

“TikTok парақшамдағы видеоны көргеннен кейін, жұрт “Мөлдір ән айтып кетіпті” деп ұлардай шулады. Ән айту–жанымның қалауы, хоббиім. Өзім үшін. Қанда бар өнер бәрібір менмұндалап шақырып тұрады екен. Біреуге ара-тұра поэзия оқу ұнайтын шығар, ал мен көңілдің кейбір сәттерінде ән шырқаймын. Шыны керек, бір күнімді бір күніме ұқсатпай әдемі, жарқын өмір сүргім келеді.
Бала кезден жаңа дүниеге жаным құмар. Қазіргі жазып жүрген каверлерім бала Мөлдірдің бір кездегі арманы да болар. Балаларым да өз қалауын орындай алатын, арманын мақсатқа айналдыра алатын бақытты ананы көріп өссе деймін”, – деп жан сырын ақтарды әзілкештің жары.

“Әлеуметтік желі – ішіңдегіні бөлісу құралы. Ән айтқысы келген адам айтсын, билегісі келетін адам билесін. Тіпті актриса болып армандаған болсаңыз да ешқашан кеш емес. Тегін танылу құралдары толып жатыр. Өзімізді бір қорапқа салып анау болмайды, мынау болмайды деп шектей бермейікші. Ұяттың нормасынан асатын дүниелерден құдай сақтасын. Ал, бес күн мына жалғанда күліп-ойнап, жарқырап-жайнап жүргенге не жетсін?!”, – деді Мөлдір Мұқан.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі