jasqazaq.kz

Түрлі сылтаумен жобаны қымбаттату эпимдемияға айналды

07 маусым 2023, 12:48

Жобаларды түрлі сылтаумен қымбаттату эпидемияға айналды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова айтты.
«Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау мердігерлер мен жеткізушілер арқылы жиі жүзеге асырылады. Өйткені бюджеттік деңгейде бәрі барынша ашық бола түсті. Төрт жыл бұрын жобалық-сметалық құжаттаманы асыра бағалау 30 пайызға дейін жетіп, бұл сома жылына шамамен 1 трлн теңгеге жететін. Ал қазір құрылыс материалдарына бағаның өсуін пайдаланып, жоғары инфляция туралы әңгімелермен жобаларды қымбаттату эпидемияға айналып отыр», — деді палата төрағасы.
Бүгінде асыра бағалау бюджеттің бір трлн теңгесінен де асып түсетін болған.

«Бұл қаражат әлі күнге дейін шеше алмай келе жатқан апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешер еді немесе бүгінде басым бөлігі әрең тұрған жылу электр орталықтарын жаңғыртуға болар еді», — деді Наталья Годунова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі