jasqazaq.kz

Түркістанның Орталық Азияда логистикалық торап ретінде қалыптасуға әлеуеті зор

26 мамыр 2025, 15:01

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында логистикалық әлеуетін арттырудың маңызы зор. Бұл салаға шетелдіктер тарапынан қызығушылық бар. Қытай Халық Республикасынан арнайы келген делегацияны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қарсы алып, өңір әлеуетімен таныстырды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қытай делегациясы өндірістік және индустриалдық аймақтарды аралады. Облыс әкімі іскерлік кездесу өткізіп, келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар логистикалық парктердің мүмкіндіктерін зерттеу, Қазақстанның энергетика және тау-кен өндіру секторларын талдау, өңірде бірлескен қойма немесе сауда өкілдіктерін құру мәселелерін талқылады. Инвесторлар өз жобаларымен таныстырып, ұсыныстарын ортаға салды.

Нұралхан Көшеров облыстың инвестициялық және туристік әлеуеті туралы әңгімелеп, екі жақты тиімді байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді.

Облыс басшысы: «Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып, берік негізде қалыптасуда. Өткен жылдың соңында Хубэй провинциясына сапарым барысында өзіңізбен кездесіп, бірқатар жобаны іске асыру жайын талқылаған едік. Сіздің бүгінгі сапарыңыз Ухань қаласында басталған конструктивті диалогтың және өзара сенімге негізделген серіктестіктің нақты жалғасы деп білемін. Өңірдің кадрлық әлеуеті жоғары. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Өңіріміз тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін логистикалық торап ретінде қалыптасуға толық әлеуеті бар. Бұл ретте, авиациялық жүк тасымалын дамыту, әуежай аумағында техникалық қызмет көрсету орталықтарын орналастыру, тұрақты халықаралық жүк бағыттарын ашу, өңірде заманауи логистикалық парктер құру, жүк сақтау, сұрыптау, тарату және қайта өңдеу бағытындағы инфрақұрылымды қамтитын кешенді бірлесіп дамытуға дайынбыз. Бұдан бөлек, бірлескен индустриалды аймақты құру екіжақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тиімді екенін атап өткен жөн. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, іскерлік серіктестік құруға, ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық орнатуға әзірміз», — деді.

Сондай-ақ ол әкімдік тарапынан инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетінін атап көрсетті.

Қытай делегациясы Түркістан облысындағы екі күндік сапарында салынып жатқан мақта зауытына да бас сұғып, жоспарымен танысты. Бұдан кейін Сауран ауданы, Ораңғай ауылындағы арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен танысты. Инвесторларға «Turan» арнайы экономикалық аймағының, өңірдегі инвестициялық алаңдардың қолдаулары туралы мағлұмат берілді. Кездесуден кейін делегация Түркістан қаласын аралады.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры