Түркістандағы тәртіп сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, заңды да түсіндіреді

23 мамыр, 15:27

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың төрағалығымен «2024 жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша» жедел-кеңес өтті. Есептік мерзімде облыс полицейлерімен атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалар тыңдалды. Өз кезегінде полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жеке құрамға еліміздің ішкі істер министрлігі тарапынан берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, осы жылда профилактикалық іс-шараларды күшейтуді тапсырды.

«Абайлаңыз, балалар»

Қазір бүкіл Түркістан өңірінде құқық бұзушылықтың алдын алу, заң мен тәртіп сақтауды көздейтін «Құқықтық тәртіп» шарасы жалғасып жатыр. Сонымен бірге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс та қарқын алды. Айталық, 20-30 мамыр аралығында «Абайлаңыз, балалар» республикалық акциясы өтуіне орай Қазығұрт ауданы көлемінде мектеп оушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы акция аясында жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп, ауданның барлық мектептерінде жасөспірімдерге жол-көлік оқиғаларына ұшырау деректерінің алдын алу шараларын жүргізді. Ата-ана, ұстаздар мен оқушыларға арнайы дәріс сабақтарын өткізді. Онда балаларға жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналарға балаларды демалыс және мереке күндері бақылаусыз қалдырмауға кеңес берілді.

Автокөлік ұрлығына тосқауыл қояды

Еліміздің ішкі істер министрлігінің нұсқауына және Түркістан облысы Полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес, Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Автокөлік» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіліп жатыр.

Аталмыш іс-шара шеңберінде қолданылған автобөлшектерін сататын орындарды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы мақсат — автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап әкетудің алдын алу және ол қылмыстарды ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру.

Мемлекеттік қызметкерлерге заңды түсіндірді

Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесуге полиция капитаны А.Сыздықов, полиция майоры А.Мырзахметова және Сүйемелдеу психологиялық секторының психологы К.Төлебаева және барлық мемлекеттік мкемелердің қызметкерлері арнайы қатысты.

«Арыс толқындары» телеарнасының және «Арыс ақиқаты» газетінің тілшілері қызығушылық танытқан бұл жиынға 60-қа тарта мекеме қызметкерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Шара барысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, яғни әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта заңның қолданылу аясы анықталды.

Айдос Құсайынұлы

Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде