jasqazaq.kz

Түркістандағы конференция мектеп психологтарына бағыт-бағдар нұсқады

27 мамыр 2025, 14:40

Түркістан қаласында өткен «PsyTalks: Заманауи психологиялық қызметтің жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» атты конференция – бүгінгі қоғамның маңызды бір мәселесіне ден қойған мәнді бастама болды. Конференция – жай ғана жиын емес, мектеп психологтарының кәсіби мәртебесі мен рөлін қайта саралап, қоғамдағы психологиялық саулық жайлы үлкен ой тастаған келелі кездесу.

Бүгінде мектеп психологының қызметі бұрынғыдай тек «бала неге тыныш отырмайды?» деген сұраққа жауап іздеумен шектелмейді. Ол – баланың ішкі жан дүниесін түсінетін, отбасындағы жағдайына да үңілетін, қажет болса, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға ұмтылатын маман. Өкінішке қарай, бұл маңызды мамандыққа әлі де толыққанды назар аударылмай келеді. Түркістандағы конференция осы бір өткір тұстарды ашық айтып, нақты шешімдерге бастау боларлық алаңға айналды.

Осы орайда конференцияға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың: «Оқушылардың өмірге деген ынтасы мен сынып ішіндегі қарым-қатынасы – сіздердің кәсіби қолдауларыңызға мұқтаж» деген сөзі – қоғамның, әсіресе, білім беру саласының психологтарға деген сенімі мен үмітін айқын көрсетіп тұр. Бейсен Тәжібаев: «Қазіргі таңда мектеп психологының рөлі ерекше маңызға ие. Оқушылардың психикалық денсаулығы, оқуға ынтасы мен ата-анамен қарым-қатынасы секілді мәселелерде сіздердің қолдауларыңыз қажет. Облыстық психологиялық қолдау орталығы бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарып келеді. Бүгінгі кездесу – жаңа серпінмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары балалар арасында кездесетін психологиялық қиындықтар – буллинг, кибербуллинг, күйзеліс, жалғыздық – күн сайын күрделеніп келеді. Мұндай жағдайда мектептегі психологтың кәсіби біліктілігі, эмпатиясы, дер кезінде көмек көрсете білуі – әрбір баланың тағдырына әсер ететін фактор. Сондықтан да мұндай конференциялар – тек тренинг немесе пікір алмасу емес, мамандардың жан-жақты дамуына арналған рухани және кәсіби демеу алаңы да.

Осы жолы конференцияға Түркістан қаласы мен бүкіл өңірде жұмыс істеп жүрген мыңға жуық психолог жиналды. Бұл – жақсы үрдіс. Әсіресе, практикалық тренингтердің өткізілуі – тәжірибе мен шынайы білім алмасудың жарқын мысалы. Олардың кәсіби дағдыларын нақты жағдайларда сынап көруі – болашақта әрбір баламен жұмыста пайдалы болары анық.

Психологиялық қолдау орталығының директоры Оразкүл Қолдасованың: «Педагогтардың басты міндеті – жүйелі, бағытталған психологиялық қызметті жолға қою» деген пікірі де ой саларлық. Расында да, мектеп пен отбасының арасындағы байланысты бекемдейтін, баланың ішкі әлеміне жол табатын, педагог пен ата-ана арасындағы алтын көпір – дәл осы психологтар.

Мектеп психологы – жай ғана қызмет емес, ол – болашақ азаматтың қалыптасуына ықпал ететін жауапты миссия. Сондықтан, Түркістандағы конференция – мектеп психологтарының кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, олардың қоғамдағы орнын қайта бағамдауға сеп болды деп айтуға толық негіз бар.

Әлия Білдебекова

Түркістан қаласы

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры