jasqazaq.kz

Түркістанда жас отбасыларға арналған «Махаббат эстафетасы» өтті

16 мамыр 2023, 13:52

«Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталады». Біздің елімізде отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады. Бұл бағытта кешенді де жүйелі жұмыс жолға қойылған. Бұл бағытта Түркістан облысы көш бастап келеді. Айталық, 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық отбасы күніне, сондай-ақ Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Махаббат эстафетасы» атты жас отбасылар байқауы ұйымдастырылды. Мұндай маңызды шараға Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйтқы болды.
Сайысқа өңірдегі 17 ауданнан іріктелген үздік жас отбасылар қатысты. Онда ерлі-зайыптылар «Серіктес», «Кім жүйрік?», «Баскетбол», «Боулинг» деп аталатын төрт кезеңнен тұратын бәсекеде бақ сынады.

Игі шараның ашылуында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бұл байқаудың отбасылық құндылықтарды нығайтудағы маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:

«Мемлекет тұрақты дамуы үшін әр отбасында татулық, бірлік, береке болуы керек. Бұл ретте демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысы үшін отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы зор. Өйткені алтын құрсақты, көп балалы аналардың басым бөлігі біздің облыста тұрады. Өңіріміз жастар саны бойынша да алдыңғы қатарда. Қазіргі таңда облыста 4000-нан астам отбасы бар. Жыл сайын мыңдаған жас шаңырақ көтереді. Бүгін, міне, отбасындағы сыйластық, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерімен дараланған отбасылар сынға түсіп, өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп жатыр».

Сайыс нәтижесінде жанұядағы жарасымдылығымен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен үздік отбасылар жүлделі орындармен марапатталды.
I орынға жетісайлық Өтепбергеновтер отбасы лайық деп танылды. Ал II орынды Сарыағаштан қатысқан Өндірбековтар отбасы мен түлкібастық Орынбасаровтарға бұйырды. III орынды Түркістан қаласынан Оразбековтар отбасы мен Отырар ауданынан Толешовтар отбасы иеленді. Төле би ауданынан келген Ескуловтар отбасы «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.

Айдос Құсайынұлы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде