jasqazaq.kz

Түркістанда «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» атты тағылымды кездесу өтті

17 маусым 2025, 17:50

Түркістан қаласында жас ұрпақ тәрбиесіне арналған маңызды әрі тағылымы мол жиын өтті. «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» тақырыбымен ұйымдастырылған бұл келелі басқосу — қазіргі қоғамдағы тәрбие бағыттарын жаңаша пайымдап, рухани жаңғырумен ұштастыруды көздеген мазмұнды кездесу болды.

Іс-шараны Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов жүргізіп, жиынның негізгі мақсаты мен маңызын атап өтті. Шараға облыстық және қалалық деңгейдегі қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен білім саласының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Қозыханұлы Мекенхан, облыстық әжелер алқасының төрайымы Балымжан Байтенова, қалалық әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім, сондай-ақ Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бектас Шірікбаев және арнайы шақырылған білім саласының мамандары мен ардагерлер қауымы бас қосты.

Жиын барысында жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы, ұлттық құндылықтарды насихаттау, тәрбиенің қоғамдағы рөлі жайында тұшымды пікірлер айтылып, нақты ұсыныстар ортаға салынды.

Кездесу барысында жастар тәрбиесіне тың серпін беру, ардагерлер мен жастардың байланысын күшейту, мектептер мен қоғамдық ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуі, тәрбиелік қойылымдар өткізу және үлгі болатын кездесулер ұйымдастыру сияқты ұсыныстар айтылды.

JQ — Aqparat

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді