jasqazaq.kz

Түркістанда тоғызқұмалақтан ел біріншілігі өтті

26 мамыр 2023, 16:07


Бүгін Түркістан қаласында өткен тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты аяқталды. 21 мамыр күні Туризм және меймандостық университетінде шымылдығын түрген сайыс тартысты өтті. Жарысқа еліміздің 14 жастан асқан, ең мықты деген 100-ден аса спортшысы қатысып, ойынның рапид және блиц түрінен бақ сынады.

Жарыстың жабылу салтанатына Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жолдықараев Қанат арнайы келіп, жеңімпаздарды құттықтады. Сонымен бірге чемпионат қонақтарының қатарында тоғызқұмалақтан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен ұлттық дәрежедегі төрешілер де болды.


Әйелдер арасында жарыстың рапид және блиц түрінен де бірінші орынды қанжығасына байлаған шымкенттік спортшы, тоғызқұмалақтан әлем чемпионы Салтанат Сапарбекова: «Еліміз тәуелсіздік алғалы тоғызқұмалақ қарқынды дамып келеді. Күллі түркі жұртының мақтанышы саналатын ұлттық ойын бәсекесі Түркістан төрінде өтуі заңдылық іспетті. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы елімізде зияткер, саналы, ақыл-ойымен озған бір топ буын тәрбиеленіп келеді. Бұл жолы қарсыластарым оңайлықпен дес бермеді. Өзіме деген сенімділік, табандылық пен үздіксіз дайындық нәтижесінде жеңіс тұғырына көтерілдім. Мені спортшы ретінде алға сүйреп келе жатқан табандылығым осы жолы да көмектесті. Қос бірдей жеңісімінің басты дәнекері осы қасиетім» дейді.

Сайыс қорытындысы бойынша рапид түрінен ерлер арасында бірінші орынды павлодарлық Керейбаев Ринат, екінші орынды ақтөбелік Қайдаров Азамат, үшінші орынды жамбылдық Әлдибай Нұрбол мен астаналық Зкрияев Биғали өзара тең бөлісті. Дәл осы түрі бойынша әйелдер арасында шымкенттік Сапарбекова Салтанат бірінші, павлодарлық Баилдияшова Жамила екінші, қарағандылық Қожанәсіп Аңсаған мен қызылордалық Кенжебекова Ақерке үшінші орынды иеленді.

Ал ой шапшаңдығы сыналатын блиц түрінен ерлер арасында бірінші орынды алматылық Айтбаев Рахат, екінші орынды павлодарлық Қаймульдин Жанат еншілесе, үшінші орынды шымкенттік Темірбаев Ғалымжан мен ақтөбелік Жанбау Дияс бөлісті. Әйелдер арасында бірінші орынды шымкенттік Сапарбекова Салтанат, екінші орынды павлодардық

Баилдияшова Жамила алса, үшінші орынға астаналық Базаралиева Гүлнара мен қостанайлық Смайлова Жансая лайық деп танылды.

Зияткерлер тақтасында топ жарып, бірінші және екінші орынды еншілегендер Азия чемпионатына, ал үшінші орын иелері алдағы уақытта Румынияда өтетін Әлем кубогіне жолдама алды. Азия чемпионаты осы жылдың тамыз айында Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында өтсе, ал Румынияға баратын спортшылар қыркүйек айында аттанады.

Аяулым ТАСТАНБЕК

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі