jasqazaq.kz

Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына мыңнан астам адам қатысты

23 шiлде 2024, 15:29

Бүгін Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық шарасы өтті. Қоршаған ортаны қорғауға үндейтін «Қала тазалығы – перзенттік парызым» экологиялық акциясы қаланың 10 аумағында ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Қ.А.Ясауи кесенесі мен «Ханшайым плаза» кешені, Күлтөбе қалашығы аумақтарында, «Жеңіс» саябағы мен «Отырар» мөлтек ауданындағы 36, 37, 38, 39, 40 көпқабатты тұрғын үй аулаларында, сондай-ақ Әлқожа ата, Алшын, Дастанов, Нахипов, Әйтеке би, Ғ.Мүсірепов көшелерінде өтті.

Кезекті тазалық күніне 1000-ға жуық азамат қатысты. 30-ға жуық техника жұмылдырылып, 18 мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары атсалысты. Белгіленген аумақтар тазаланып, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Сенбілік нәтижесінде қала көшелерінен 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Тазалық акциясы аясында әр апта сайын қала әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері өз ғимараттары мен көшелеріне сенбілік өткізіп, экологиялық акцияға белсенділік танытып отыр. Сондай-ақ әр апта сайын тазалық күндеріне байланысты санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі