jasqazaq.kz

Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?

05 маусым 2025, 12:26

Тұрғындар арасында мүгедектікке әкелетін аурулардың көбеюі – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, созылмалы сырқаттардың ерте анықталмауы, оңалту шараларына қолжетімділіктің шектеулі болуы жағдайды қиындатып отыр. Осыған байланысты Jas Qazaq тілшісі Түркістан облысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтен сұрап білді.

Басқарма басшысының айтуынша, мүгедектікке адамның тіршілік әрекетінің шектелуіне әкелетін сырқаттар, жарақаттар мен олардың зардаптары себеп болады.
– Медициналық көмек диагностикалық зерттеулердің нақты алгоритмі мен жиілігіне сәйкес көрсетіледі. Мақсат – дертті ерте анықтап, асқынудың алдын алу, – дейді басқарма басшысы.

Асхан Байдувалиевтің айтуынша, 2023 жылы қабылданған жаңа бұйрыққа сәйкес, оңалту қызметін ұйымдастырудың стандарттары ауылдық елді мекендерге де енгізілген.

– Халықтың тұратын жеріне қарамастан, оңалту көмегіне теңдей қол жеткізуі – басты міндет. Бұл жүйе барлық деңгейдегі медициналық ұйымдарға енгізілді. Қазіргі таңда басқармаға қарасты 4 балалар оңалту орталығы, 3 «Қамқорлық» орталығы бар. Жақын арада «Қамқорлық» ерте араласу орталығының ашылуы күтілуде, – дейді Асхан Мархабайұлы.

Орталықтарда күндізгі және тәуліктік стационарлар қарастырылған. Қызмет көрсетуші мамандар – кәсіби даярланған, арнайы стандарттар бойынша жұмыс істейді. Жүйке жүйесінің бұзылыстары, сөйлеу қабілеті кешеуілдеген балалар жергілікті логопед, невролог, психиатр және дефектолог мамандардың бақылауында, әрі аудандық коррекциялық орталықтарда тұрақты түрде оңалту алады.

– Бұдан бөлек, Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығынан жолдамалар бөлініп, облыс балаларының ем алуы ұйымдастырылады, – деді басқарма басшысы.

– Облыста ауыр диагноз қойылған балалар үшін де қажетті медициналық қолдау қарастырылған. Кардиомиопатия, қауіпті аритмия немесе паллиативтік операцияны қажет ететін туа біткен жүрек ақауы бар балалар арнайы мамандандырылған көмекпен қамтылады. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда, – деді Асхан Байдувалиев.

Олжас Әбдіхалық

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі