jasqazaq.kz

Түркістанда елдің жағасын ұстатқан қанды оқиғаға байланысты сот отырысы басталды

08 қараша 2024, 9:37

Түркістанда елдің жағасын ұстатқан қанды оқиғаға байланысты сот отырысы басталды.

Azattyq-ruhy жазуынша, биыл қыркүйекте Келес ауданындағы Амангелді ауылының 30 жастағы тұрғыны 15 жастағы қызды өз үйінде зорлап, анасымен бірге өлтіріп кеткен. Бұл қылмысты жасады деген күдікке ілінген адам мектепте практикант болып жұмыс істеген. Ол 15 жастағы марқұмға көз салып, қырындаған көрінеді.

Мұны білген анасы бірден мектеп директорына арызданған. Көп ұзамай 29 жастағы жігіт білім ордасынан шеттетілді. Дегенмен ызаға булығып, кек алмақ болған ол жантүршігерлік қылмысты 10 айдан соң жасаған. Жәбірленуші тарап күдіктіге ең қатал жаза түрін беруді сұрап отыр.

«03:31-де «жеңгең мен қарындасыңды ұрып кетіпті» деген хабар келді. Барсақ жедел жәрдем көлігі тұр. Қарындасымның бір көзі ағып кеткен. Өлі жатыр. Жеңгеме кірсем сол жағынан соққы тиген. Түрін адам танып болмайды. Хайуандықпен өлтірілген. Өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етеміз», – деді марқұмдардың туысы Серік Тұрғанбаев.

Сурет: Depositphotos.com

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі