jasqazaq.kz

Түркістанда балаларға арналған ерекше фестиваль өтті

27 мамыр 2025, 15:51

Түркістан қаласында оқу-ағарту министрінің «Бала үні – болашақтың үні» атты бастамасымен балаларға арналған «Балалар үні» өнер фестивалі өтті. Бұл іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, балаларды алдағы мерекесімен құттықтады.

«Бұл ерекше күн – болашағымыздың жарқын бейнесі саналатын сүйкімді балаларға деген шексіз сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мерекесі. Әрбір баланың амандығы, бақытты балалық шағы – кез келген елдің, әр отбасының басты құндылығы. Біздің елімізде өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі, дені сау болып өсуіне барлық жағдай жасалып келеді. Мектептер мен балабақшалар бой көтеріп, түрлі мәдени-спорттық нысандар ашылуда. Бұл – Сіздердің болашағыңыз үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар», – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Фестивальге Түркістандағы білім беру ұйымдарынан 20 мыңға жуық өнерпаз жиналды. Бүгінгі қорытынды концертте сараптаудан өткен 600-ден астам оқушы өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қатар қоғамның назарын баланың дауысына аудару, балалардың мектеп, қала және ел өміріне қатысуын кеңейту үшін арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру бойынша балалардың пікірлері, идеялары мен тілектерін білдіруге арналған челлендж ұйымдастырылды.

Сондай-ақ өнер фестивалінде білім беру ұйымдары заманауи, тақырыпқа және талғамға сай жасалған ұлттық бұйымдар, әр түрлі заттардың қосынды шығармасы, тұрмыстық қолданбалы бұйымдар, оқушылардың жеке шығармашылық бұйымдары мен ұстаздармен біріккен композициялық жұмыстарының қолөнер көрмелері ұсынылды.
Оқушылар сахна төрінде ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттап, жасөспірімдердің туған өлкесіне деген сүйсіпеншілігін ұлттық өнер арқылы көрсетті.
Фестивальге белсенді қатысқандар мен олардың өнерін тамашалауға келген балалар да ерекше әсерге бөлініп, рухани құндылықтармен сусындап қайтқаны сөзсіз.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі