jasqazaq.kz

Түркістанда Амангелді Сейітханға арналған көрме ашылды

25 сәуiр 2023, 11:20

Түркістан облысында Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінде «Жеңісті күндерде жүздескенше» тақырыбында Қазақ спорты журналистикасының кемеңгері, «Сейдахмет Бердіқұлов» атындағы сыйлықтың иегері, белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алу кеші өтті. Бұл туралы Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.


Амангелді Сейтхановқа арналған шараға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл, облыстық мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Нұрдәулет Сұлтанбек, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова қатысты. Сонымен қатар еске алу кешіне жары Назгүл Үркімбаева, ұлы Бекасыл Сейітханов, шәкірттері Телжан Күдеров, Жандос Айтбай, Қанат Базылхан арнайы қонақ болып, біртуар азамат туралы естеліктерімен бөлісті. Естелікке толы кешті дарынды оқушылар мен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнерпаздары өнерімен толықтырды.


Шара барысында облыстық спорт музейінің ұйымдастыруымен «Жағымды жаңалықтың жаршысы болған жампоз жан» атты Амангелді Сейітханғаарналған көрме ашылды. Бұл көрмеде қазақ телевизиясының саңлағы туралы тың деректер мен құжаттары қойылған. Сонымен қатар, кешке келген отбасы мен шәкірттері музей қорына өзге де құнды жәдігерлерді сыйға тартты.

Айта кетейік, аталмыш көрмені алдағы уақытта өңір қонақтары музей төрінен тамашалай алады.
Қазақ спорт журналистикасының дара жолын салушы, қазақ тілінде тұңғыш футболдан коментатор атанған Амангелді Сейтхан есімі ел жадынан өшпек емес.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі