jasqazaq.kz

Түркістан: Жол жөндеу жұмысы қарқынды

24 мамыр, 10:50

Түркістанда 159 көше жөнделеді

Түркістан облысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі басты міндеттің бірі.  Бұл бағытта жылдағыдай жүйелі жоспар құрылып, кезең-кезеңімен атқарыла бастады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Түркістан қаласында Әл-Фараби және М.Тынышқұлов көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстарн жүргізу қолға алынды. Сонымен қатар, Яссы және Шауғар тұрғын алаптарындағы бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 433,49 шақырымға жетіп, бұл 51,3 пайыздық көрсеткішті құрап отыр.

Биылғы жылға арналған жоспарға сәйкес, Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ екі жол нысанын қайта құру, екі жаяу жүргіншілер көпірін салу және 45 000 шаршы метр аумақта ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланып қойды.

Жоспардағы іс-шаралар толық көлемде жүзеге асқан жағдайда, шаһар ішіндегі жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 67 пайызға дейін артады.

Жол жөндеу жұмыстары облыс аудандарында да қолға алынып, қарқын ала бастады.

Келес ауданында 20-дан елді мекеннің көшелері жөнделіп жатыр

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында автожол инфрақұрылымын дамытуға тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етуге айрықша мән беріледі. Міне, осындай маңызды міндетті жүзеге асыру мақсатында жұмыстар кезең-кезеңімен, жүйелі түрде атқарылуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бүгінде Жамбыл ауылдық округіндегі Ащыкөл мен Қалғансыр елді мекендерін жалғайтын 6,8 шақырымдық жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Altai Building LTD» ЖШС мердігер мекемесі асфальт төсеу жұмыстарын бастап кеткен. Соның нәтижесінде аудандағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95,3 пайызға жетіп, жалпы ұзындығы 124,4 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы елді мекендердің ішкі көшелері де назардан тыс қалған жоқ. Биылғы жылға жоспарланған қаржы аясында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы 1,1 млрд теңге бөлініп, 21 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, Қошқарата ауылдық округіндегі Алғабас елді мекенінің Наурыз көшесінде және Жамбыл ауылдық округіндегі Ш.Тұрсынбаев көшесінде мердігер мекемелер жолдың негізін нығайту мақсатында шағалтас төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Түлкібас ауданында облыстық маңызы бар жол жөнделуде

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданы, Құлан және Сарытөр ауылының тұрғындары былтыр жол мәселесін көтерген болатын. Осыны ескеріп, бүгінде жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын КХ-70 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Өткен жылы 1 шақырымға жуық жол жөнделсе, биыл қалған бөлігі толық аяқталады деп жоспарлануда.

Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев жөндеу жұмыстарының барысын өзі бақылауда ұстайда. Жуырда ауданы әкімімен бірге аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев және жауапты бөлім басшылары жөндеу жүріп жатқан жол бөліктерін аралап, сапасын өз көзімен көріп қайтты. Жауапты мердігермен нысан басында кездесіп, жол құрылысының сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұнда жергілікті тұрғындарға қолайлы болуы үшін аяқ жол салынып, жол бойындағы су өткелдері мен көпірлердің құбырлары толық жаңаратын болады. Нысан құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі.


Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев жөндеу жұмыстарының барысын өзі бақылауда ұстайда. Жуырда ауданы әкімімен бірге аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев және жауапты бөлім басшылары жөндеу жүріп жатқан жол бөліктерін аралап, сапасын өз көзімен көріп қайтты. Жауапты мердігермен нысан басында кездесіп, жол құрылысының сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұнда жергілікті тұрғындарға қолайлы болуы үшін аяқ жол салынып, жол бойындағы су өткелдері мен көпірлердің құбырлары толық жаңаратын болады. Нысан құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі.

Созақта ішкі жолдар жаңартылып жатыр

Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінде халық сұранысына сай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жол жөндеу жұмыстарын аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков өз бақылауына алған.

Қазіргі кезде Құмкент ауылында жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын Абай, Есіркепұлы, Қызылқанат және Жамбыл көшелеріне асфальт төсеу басталды. Сонымен қатар Қызылкөл елді мекенінде ұзындығы 2,5 шақырым болатын көшелерге де сапалы жол жабындысы салынуда. Жақын күндері бұл жұмыстар толық аяқталып, Қызылкөл ауылының ішкі көшелері 100 пайыз жолмен қамтылады.

Жалпы биыл аудандық бюджет есебінен 66,4 шақырымды құрайтын ішкі көшелерге асфальт және қиыршық тас төселеді. Бұдан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 14,2 шақырымды қамтитын 12 көше жаңартылып, бұл бағыттағы жұмыстар өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артып отыр.

Өткен жылы осы жоба аясында 25 көшеде (26,1 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал аудандық бюджет есебінен 21,2 шақырым жол (18 көше) жаңартылып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкмінің баспасөз қызметі

13 маусым, 13:49
Түркістан: Инклюзивті қоғам құру бағытында
13 маусым, 11:59
«KitapХАН». Түркістандағы өрендерді рухани құндылыққа баулитын жоба
12 маусым, 14:57
Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
12 маусым, 14:46
Түркістан: Арыста биыл 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
12 маусым, 14:04
Қытай сапары аясында Түркістан облысында сарымсақты терең өңдеу ісін бастау бойынша келіссөздер жүргізілді
11 маусым, 12:59
Түркістан: Әлеуметтік дамудағы қарышты қадамдар
11 маусым, 12:57
Түркістан: Отырар мен Созақ аудандарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды
10 маусым, 18:22
Айдын Сайлаубай: «Жайлы мектеп» – баланың болашағына салынған инвестиция
10 маусым, 14:57
Түркістан: Экономиканың дамуына серпін беретін туризмді дамыту – басты назарда