jasqazaq.kz

Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда

12 сәуiр 2024, 12:10

Бүгінде еліміздің барлық өңірінде «Заң және тәртіп» жобасы жүзеге асуда. Түркістан облысының Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан көлемінде жобаны іске асыруда. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталмыш шарада «нөлдік төзімділік» қағидатын негізге ала отырып, барлық елді-мекендерде белгіленбеген орында сауда жасау және қала мен елді-мекен аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзуға жол бермеу, түнгі тыныштықтың сақталуын қамтамасыз ету, ұсақ бұзақылықтардың, оның ішінде ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды төгудің алдын-алу бойынша жұмыстар жасалды.

Полиция бөлімінің қызметкерлері аталған бірнеше құқықбұзушылықтарды анықтап тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізді.
Жетісай ауданының полициясы №9 IT-мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқушылар арасында «Жолда жүру ережесін сақтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Шара барысында, полиция қызметкерлері Н.Ағмасов пен Қ.Тұрмаханбетов оқушыларға көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүруді және бағдаршамның түстерін, қызметін толықтай түсіндірді.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары оқушыларды маңызды жол белгілерімен таныстырды. Жолда абай болу, жолда жүру ережесін қатаң сақтау, жаяу жүргінші жолағының қаншалықты маңызды екендігін айтып ұғындырды.
Сондай-ақ мектеп ішінде құрылған Жас жол инспекторлар отряды өздерінің міндеттерін және атқарып жатқан іс-шараларын көрсетті. Яғни көлік жүргізушілер тарапынан жолда жүру ережесін сақтау бойынша бірлескен алдын алу іс-шаралары өткізіліп, арнайы дайындалған жаднамаларды жүргізушілерге таратып, жолда жүру ережесін бұзбауға шақырды. Аталған іс-шара ауданда алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Мақпал Махаметқызы

Суреттер Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі