jasqazaq.kz

Түркістан: Жетісай ауданында «Құқықтық тәртіп» жобасы аясында іс-шаралар өтуде

17 маусым 2024, 13:17

Түркістан облысының Жетісай ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған профилақтикалық іс-шара аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, «Жолда қабылдау», «Автобус» акциялары өтті.

Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың ұйымдастыруымен Жетісай ауданының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Жетісай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚт-нің аға инспекторы Мақтабек Мақсат: «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында өз баяндамасын оқыды. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Мемлекет басшысы қол қойған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңдар ресми жарияланғаннан кейін, 60 күн өткенде күшіне енеді. 2024 жылдың 15 маусымнан қолданыста болады. Ал кейбір нормалар 2025 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

ҚҚВТ топ мүшесі Бекмырза Әбдірахманов тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда, қандай жазалар қолданылатынын атап айтты. Ол қатысушыларға ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру криминализацияланғанын (ӘҚБтК құрамдарын көшіру-ҚК 108-1 және 109-1 бап) айтты.

Асыл қазына және Тең қоғам, ТЗЗ бөлімше психологы Нұржан Сапарханұлы зорлық-зомбылықсыз қоғам жайында өз ойын айтты. Жетісай ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Акция барысында қала тұрғындарына жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жеке куәлік алу, төлқұжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша құқықтық кеңестер берілді. Жетісай ауданы аумағында ағымдағы жылдың 10-17 маусым аралығын қамтитын құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Сонымен қатар 10-16 маусым Жетісай ауданы аумағында полиция қызметкерлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Оның мақсаты – жолаушылар мен жүк тасымалдайтын жүргізушілердің көліктік тәртібін жақсарту, сондай-ақ автобус бағыттарына бақылауды жетілдіру.

Осы шара барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарға шара көрілетіндігін айтып, жолдарда жылдамдықты арттырмаулары талап етілді. Жол үстінде қауіпсіздік белдіктерін тағулары, ұялы телефонмен сөйлеспеулері ескертілді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс