jasqazaq.kz

Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде

22 шiлде 2024, 14:26

Бүгінде елімізде «Қауіпсіз қоғам» жобасын жүзеге асыру мақсатында қылмыстың алдын алу, қауіпсіздікті сақтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Республикамыздың барлық өңірлерінде рейдтік жұмыстар өтуде. Осы ретте Түркістан облысының Жетісай ауданында қауіпсіздікті сақтауға арналған жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал майоры М.Қабденовтің нұсқауына сәйкес жұма, сенбі, жексенбі күндері Жетісай АПБ ЖПҚ қызметкерлерімен біргелікте Жетісай ауданы көлемінде рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілді.
Кешегі өткен рейдтік іс-шарада Жетісай қаласындағы кафе, мейрамхана, сырнаханаларды аралап профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, қорқорға арналған темекіні қолданғаны үшін ҚР ӘКБтК 441-бабымен 6 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынды.
Сондай-ақ, басқа да тұлғалар мен мейрамхана иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Жетісай аудандық полиця бөлімінің мәжіліс залында Жетісай АПБ бастығы Әділбек Сапарбековтың қатысуымен бөлімге жаңадан келген жас тәлімгерлердің ата-аналарымен кездесу өтті. Аталмыш жиында бөлім басшысы – жас қызметкерлерге кәсіби қалыптасуына көмек көрсету, патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының халқына жанқиярлықпен қызмет етуге ынталандыру үшін ек жақты қолдау көрсетіп тәрбиелеу керектігін айтты.
Сондай-ақ, Жетісай АПБ Тәрбие және Кадр тобының инспектор-психологы полиция майоры Дина Әубәкірова әрбір келген жас мамандармен жұмыс жүргізіп, қызметтің ерекшеліктерімен қыр-сыры туралы жас мамандардың ата-аналарына кеңінен түсіндіріп берді.
Сонымен қатар Түркістан облысы ПД бастығының нұсқаулығына сәйкес Жетісай ауданы аумағында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бір нүктелік рейдтік іс шаралар тұрақты жүргізілуде.
Іс-шараның мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтаулары, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қазіргі жаз мезгілінде суда шомылу жда қауіпті. Егер қауіпсіздік ережелерін сақтамаса жазатайым оқиға болуы мүмкін. Жетісай ауданының полиция қызменткерлері оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жағажайларды аралап, тыйым салынған орындарда шомылмау, суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Полиция қызметкерлері ауданымызда орналасқан су айдындарында шомылып жүрген балаларға ескертулер жасады. Оларға арнайы жабдықталған жағажайларға және ресми құжаты мен құтқару қызметі жұмыс жасайтын орындарға бару керектігі жайлы кеңес берді. Жағажайдан алысқа кетпей, жақын аумақтарда, ата-аналарының қарауымен баруға болатындығын айтты. Балаларға жазғы маусымда суда, өзендерде, көлдерде ережені қатаң сақтау керектігі жайлы түсіндірді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде