jasqazaq.kz

Түркістан: Жетісай ауданында «Автокөлік» іс-шарасы өтуде

21 мамыр 2024, 15:00

Түркістан облысы Жетісай ауданы көлемінде 20-24 мамыр күндері аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған шараның мақсаты аудан көлемінде орын алған құқық бұзушылықтарға салынған айыппұлдарды дер кезінде төлем жасату және жыл басынан айыппұл салынып өнбей тұрған айыппұлдарды жергілікті сот орындаушыларымен бірлесіп нүктелік рейдтік іс-шаралар өткізіп, айыппұлдарды өндіру.

Жыл басынан бері аудан көлемінде 4873 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталып, оларға жалпы 65 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Қазіргі таңда 47 миллион теңге айыппұл өндіріліп, айыппұл өндіру пайызы 70,4 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда жеке сот орындаушылармен бірлесіп, мобильдік топтар құрылған. Рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары аудан тұрғындарына айыппұлдарын мәжбүрлеп өндіруге жолданбай тұрып, дер кезінде төлем жасауға шақырады.
Сонымен қатар Жетісай ауданы аумағында мамыр айының 20-23 күндері аралығында «Автокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы қатар өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты — автокөлік ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған. Айта кету керек, шара аясында автокөліктер ұрлығын және оларды айдап әкетушілерді ашу бойынша жедел-тергеу топтары құрылып, олардың күшімен күдікті адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру, арнайы іс-шаралар мен тергеу әрекеттер кешені жүргізіледі.

Сондай-ақ, көлік құралдарын ұрлау және айдап әкетудің алдын алу, жолын кесу мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Аталған ауданда мектеп оқушыларына арналған «Абайлаңыз, балалар!» атты жол қауіпсіздігі туралы дәріс сабақтары өткізілуде.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдерге жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру мақсатында арнайы дәрістік сабақтар өткізуде.

Қоғамда маңызы зор бұл мәселе тек іс-шаралар өткізумен ғана шектеліп қалмай, жыл көлемінде ауқымды жұмыстармен жалғасын табатын болады. Бұл бағытта мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ата-аналармен тұрақты байланыс жүргізу, көпшілік-мәдени орталарда тұрғындармен әңгімелесу арқылы балалардың қауіпсіздігіне қатысты алдын-алу жұмыстары белсенді түрде жүргізілмек.
Осы орайда Жетісай қаласының орталық көшелерінде ата-аналарға жол жүру ережелерінің алгоритмі көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт
21 сәуiр, 15:08
Туркестан: Мощность завода по производству холодильников достигнет 50 тысяч единиц в год
21 сәуiр, 15:07
Туркестан: Весенне-полевые работы и орошение ведутся в соответствии с планом
21 сәуiр, 12:17
Кадырболат Мусагалиев: Основная цель - повышение статуса государственного языка в общественном пространстве
20 сәуiр, 16:12
Туркестан: Ведется комплексная работа по развитию инфраструктуры питьевого водоснабжения
20 сәуiр, 15:58
Қызылордадағы зауыттар цифрлық басқару арқылы бақыланады
20 сәуiр, 14:46
Туркестан: Работы по ремонту дорог идут полным ходом
20 сәуiр, 14:42
Туркестан: Объездная дорога в Сарыагаш усилит международные транзитные связи