jasqazaq.kz

Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдаланып, жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

27 мамыр 2024, 15:33

Елімізде жер қойнауын заңсыз пайдалану іс-әрекеттері жиі болып тұратын құбылыс. Өйткені құм, қиыршық тас және тағы басқа құрылысқа қажетті заттар зор сұранысқа ие болғандықтан, базарда жылдам сатылып кетеді. Тер төгіп еңбектенбей, өзеннің қиыршық тастарын немесе құмды заңсыз алып кететіндер қоршаған ортаға, маңындағы тұрғын үйлерге зардабын тигізетінін ойланып жатпайды. Сондықтан Түркістан өңірінің тәртіп полиция қызметкерлері мұндай келеңсіз құбылысқа аяусыз күрес жүргізеді.

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау инспекторлары тап осы табиғатқа қатысты заңсыздықтарды болдырмау мақсатында облыс аумағында рейдтік іс-шараларды жиі жүргізеді.

Полицияның табанды қызметі өз жемісін берді. Түркістан облысының полицейлері Шардара мен Жетісай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, жер қойнауын заңсыз өндірумен, атыс қаруын сақтаумен және жеңгетайлықпен айналысқан адамдар тобын анықтады.

Таратып айтқанда, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп, күдікті 9 адамды құрықтады. Оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушысы, бұрын сотталған жергілікті тұрғын да бар.

Жедел уәкілдер тінту барысында, олардан бір жүк тиегіш көлік, 7 жүк көлігін, 2 аңшылық мылтық, патрондар және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Сонымен қатар полицейлер Шардара қаласындағы іс-шаралар барысында, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру дерегін анықтады.

Жедел уәкілдер притонның екі әкімшісін, Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Сондай-ақ ақшалай қаражат пен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі