jasqazaq.kz

Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады

02 мамыр 2024, 16:01

Түркістан өңірінде жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау бойынша жұмыстар үздіксіз атқарылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың осы мәселеге қатысты тікелей тапсырма берген болатын.

Осы бағытта полиция департаментінде облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы жиын өтті. Басқосуға полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов, облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Б.Әбдешов, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Әбдуалиев, Жер қатынастары басқармасының басшысы Т.Ерғали, басқа да құрылым, департамент басшылары, облысқа қарасты аудан әкімдерінің орынбасарлары, полиция басқарма, бөлімдері бастығының орынбасарлары және карьер иелері қатысты.

Жиында жер қойнауын пайдалану мәселелері талқыланды. Жер қойнауын заңсыз пайдалану туралы бірқатар баяндамалар жасалып, өңірде жер қойнауын пайдаланушылар, құмды-қиыршық тас, құрылысқа арналған саз топырақты заңсыз артып әкетіп жатқандарға қолданылатын шара, алдын алу жәйттері талқыланды. Ал карьер иелері құрылым басшыларына өздерінің көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Оралбайұлы: «Заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау мен халық арасында бұл заң бұзушылыққа қатысты қылмыстық және әкімшілік іс қозғалатыны туралы, оның салдары мен қаупі бойынша арнайы құрылған мобильді топпен әрі қарай да жұмыстар жалғасын табады. Карьер иелері тарапынан айтылған шағымдар ескерілді, осы кемшіліктерді болдырмау бойынша тиісті құрылымдар өздеріңіздің құзыреттеріңізге сай іс-әрекеттерді жоғары деңгейде атқарыңыздар! Нәтижесі менің назарымда болады», — деп атап өтті.

Полиция полковнигі Құрманбек Сахов өз баяндамасында: «Полициямен табиғатқа залал келтірушілерді анықтау мақсатында рейдтерді тәулік бойы жүргізеді. Жыл басынан бері полиция 19 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жер қойнауын заңсыз пайдалану бойынша 142 тұрғын анықталып, заңсыздықтың жолы кесілді. 100-ге тарта техника (экскаватор, погрузщик, КАМАЗ т.б. ауыр жүк көліктері) анықталып, айып тұрағына қойылды. 63 әкімшілік іс қозғалып, Экология департаменті тарапынан 24 хаттама толтырылды. Алдағы уақытта полиция заң бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстардын жалғасытрады», — деді.

Сондай-ақ тұрғындар арасында жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын, ал қайталау кезінде пайдаланылған құралдар мен заттар алынатынын түсіндіру бағытындағы шараларды тиісті сала қызметкерлерімен бірлесіп күшейтуді ұсынды.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде