jasqazaq.kz

Түркістан: Жастардың ауылдағы бір күні

12 мамыр 2023, 15:23

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити шоу-сайысын ұйымдастырды. Сайысқа аудан, қала жастары қатысты.


Жастар арасында салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды дәріптеу, олардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани қасиеттерді дамыту мақсатын көздейтін байқау төрт кезеңге бөлініп өткізілді.


Бірінші кезеңде ұлдар арасында ұлттық ойыннан жарыс өтті. Ал қыздар ұлттық тағамдар әзірледі.


Екінші кезеңде командалар салт-дәстүр мен тарихпен байланысты сұрақтарға жауап беруден сайысты.
Үшінші кезеңде жас өрен ұлттық қолөнер жасаудан бақ сынасты.
Төртінші кезеңде ұлдар қой қырқып, қыздар ұлттық тағамдарды ұсынып, көпшілікті тәнті етті.


Ой жүйріктігі мен тапқырлығы, командалық жұмысымен және өнерімен көзге түскен топтар жүлделі орындардан көрініп, оларға қаржылай сыйлықтар тапсырылды. Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдеге «Қазығұрт» командасы қол жеткізді. Бірінші орын «Созақ» командасына бұйырса, екінші орынды «Отырар» командасы жеңіп алды. Ал «Сауран» командасы үшінші орынды місе тұтты. Сондай-ақ «Үздік топ» номинациясы «Бәйдібек» командасына берілді. Түркістандық Әлия Қалдыбай «Үздік ойыншы» атанды.

Айдос Құсайынұлы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде