jasqazaq.kz

Түркістан: Жастар «Мектепке жол» акциясына үлес қосуда

24 тамыз 2023, 18:39

Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйлестіруімен «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті.

Бұл акцияның мақсаты – көп балалы отбасылар, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасындағы балалар, ата-анасынан айрылған немесе қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлануға қолдау көрсету.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жазғандай, іс-шара барысында отыз балаға мектепке арналған сөмке мен оқу құралдары тарту етілді. Сонымен бірге ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік қасиеттерді сіңіруге бағытталған бірқатар шара ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақтың өсуіне септігін тигізуі тиіс.

Акцияны өткізуге белсене атсалысқан жастар балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлау мақсатында, Түркістан қаласының көрікті жерлеріне экскурсия да ұйымдастырды.

Айта кеткен жөн, қазір Түркістан облысындағы әрбір аудан-қалада «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр. 1 тамызда басталған бұл науқан 31 тамызға дейін жалғасады. Әлбетте, өңірдегі белсенді жастар одан қалыс қалмайды.

Айдос Құсайынұлы

 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі