jasqazaq.kz

Түркістан: «Жасөспірім және жауапкершілік» профилактикалық шарасы өтуде

17 мамыр 2024, 15:54

Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауына сәйкес, Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде ағымдағы жылдың 15 — 17 мамыр күндері «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Түркістан Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, түнгі уақыттарда ата-ананың бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда қыдырып жүруге тыйым салу.
Кезекті шара барысында бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру мақсатындағы кезекті рейд жүргізілді. Жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз кіргізбеу керектігі ескертілді.
Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі бұйымдары мен спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынғандығын қатаң назарға алып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында болатын құқық бұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде жалғастырады.
Ал Созақ ауданында қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналған, жастар арасындағы деструктивті діни ағым идеяларының таралуына жол бермеу бағытында, дін саласындағы ақпараттарды түсіндіру, әрі жасөспірімдерге қатысты немесе олардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның бірі Шолаққорған ауылындағы Т.Әлімқұлов атындағы интернат-лицейінің 8-11 сынып оқушыларымен кездесумен жалғасты. Жиын барысында балалардың жазғы демалыс кезеңдерінде қоғамдық, ойын-сауық орындарында, су айдындарында, жаздық демалыс аймақтарындағы жүріс-тұрыс қағидалары бойынша түсіндірме жүргізілді.
Кездесуге полиция капитаны Д. Айдарұлы, полиция капитаны Р.Әмірханқызы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Қосмаханов, «Жастар ресурстық орталығының» маманы Л. Ниязәліқызы қатысты.
Кездесуде оқушыларға аталған тақырыптарға сай бейнероликтер көрсетіліп, дәріс оқылды. Кездесуге келген мамандар жасөспірімдердің сауалдарына жан-жақты жауап берді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл