jasqazaq.kz

Түркістан: жас спортшыларға аудан әкімі құрмет көрсетті

24 мамыр 2023, 12:03

Кез келген өңір қай салада болсын топ жарып шығып, туған жерінің абыройын асқақтатқан жастарын мақтан тұтады. Өзгелерге үлгі етіп, құрмет көрсетеді. Түркістан облысының Түлкібас ауданында да осындай игі дәстүр қалыптасқан. Ауданның атын шығарып, абыройын асқақтатқан жас спортшыларды аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов қабылдап, құрмет көрсетті.

Ең әуелі жас спортшылардың жетістігіне тоқтала ктейік. Алматы қаласында жеңіл атлетикадан «Ұлттық мектеп лигасы аясында» 15-18 мамыр аралығында өткен ел чемпионатында Түлкібас ауданына қарасты Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары (8 оқушы) жүлделі 1 орыннан көрініп, облыстың мерейін үстем еткен болатын.
Айта кетсек, 2021-2022 оқу жылы «Ұлттық мектеп лигасы аясында» аудан мектеп оқушылары спорттың 10 түрінен (15 команда) Түркістан облысындағы жарысқа қатысып, оның ішінде 7 команда республикалық жарысқа жолдама алған еді. Жарыс қорытындысы бойынша 2 команда бірінші орын, 2 команда екінші орын, 1 команда 3 орын жеңіп алған болатын.
2022-2023 оқу жылы «Ұлттық мектеп лигасы аясында» аудан мектеп оқушылары арасында спорттың 10 түрінен 23 команда облыстық чемпионатта бақ сынап, оның ішінде 10 команда Республикалық жарысқа жолдама алды.

2022-2023 оқу жылы 20-24 сәуірде Астана қаласында өткен үстел теннисінен Абай атындағы мектеп-лицейдің 7-8 сынып оқушылары 2 орынды, 27-30 сәуірде жеңіл атлетика спорт түрінен С.Бреусов ЖОМ 9-11 сынып оқушылары 3 орынды, бес асықтан Ғ. Мұратбаев ЖОМ 7-8 сынып, 9-11 сынып оқушылары жүлделі 3 орынды жеңіп алды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аудан әкімі кездесуде Нұржан Ізтілеуов жас спортшыларды жеңісімен құттықтап:

«Сіздердің жеңістеріңіз облыс жастары үшін үлгі болып, мектеп жасындағы балалар арасында спортқа деген қызғушылықты арттырып отырғаны сөзсіз. Алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындырып, ауданымыздың, облысымыздың мерейін үстем етіп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспін», — деп аудан тұрғындарының және өз атынан алғысын білдірді. Сонымен қатар, Нұржан Жақсылықұлы спорт пен білімді де қатар алып жүру керектігін жеткізіп, жас спортшылар мен бапкерлерін алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Кездесу соңында Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадырбек және спортшыларымыздың бапкерлері осынау құрмет көрсетіп, қабылдаған аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, ел игілігі жолындағы қызметінде сәттілік тіледі.

Айдос Құсайынұлы

22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында