jasqazaq.kz

Түркістан: «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

19 қыркүйек 2024, 14:11

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ішкі істер қатарында отыз жыл абыроймен қызмет атқарып, өзінің табандылығының арқасында полиция бөлімінің ғимаратын салдырып, кейінгі шәкірттерінің жүрегіне ізгіліктің, іскерліктің, адалдықтың дәнін еккен милиция полковнигі Сапаралы Жанабеков атындағы полиция сыныбы ашылды. Бұл туралы Түркістан Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жастар арасында қаhармандық пен ержүректілікті дәріптеу мақсатында Мақтарал ауданы орталығының С.Рахимов атындағы жалпы орта мектептен ашылған «Жас сақшы» сыныбының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, Полиция департаментінің тәрбие және кадр саясаты басқармасының бастығы Мақсат Асқаров, Полиция департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ердаулет Амантаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бөлебай Құнанбеков пен Сапаралы Жанабековпен қызметтес болған әріптестері, замандастары мен туыстары қатысты.

Жиында сөз алған полиция полковнигі Мақсат Асқаров: «Еліміздің барлық өңірлерінде, жергілікті жерлерде «Жас сақшы» полиция сыныптары ашылуда. «Жас сақшы» полиция сыныбын құру – ішкі істер министрлігінің басым жобасы және ең алдымен жастарды патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталғандығын айтып өтті.
Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы өз сөзінде: «Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет сыйлайтыны анық. Ішкі істер бөлімін он төрт жыл бойы басқарған Сапаралы ағамыздың еліне жасаған еңбегі баршамызға өнеге, темірқазықтай айқын бағыт-бағдар береді», — деді.
Жиын соңында полиция бөлімінің бастығы Ердәулет Дарханұлы балаларды Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты тәрбиелеуде бұл полиция сыныбының ықпалы орасан зор екендігін айтып, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс