jasqazaq.kz

Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты

21 шiлде 2025, 21:56

Түркістан облысында биылғы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, жергілікті бюджетке 139,2 млрд теңге салық және басқа да түсімдер түсіп, жоспар 116,7 пайызға орындалды. Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы саладағы жоспарлар талқыланды.
Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауаптыларға жұмысты ширату, кіріс көздерін ұлғайтуға басымдық беру керектігін тағы да ескертті.
Облыс басшысы: «Аудан, қала әкімдері бюджет кірістеріне арналған жоспарды толық әрі сапалы орындауы тиіс. Екінші тоқсанның қорытындысымен игерілмеген қаржылар бойынша бірінші басшылардың жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын», – деді. Сондай-ақ Нұралхан Көшеров жоспарды орындамаған аудан, қада әкімдеріне сын-ескертпе айтты.
Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаевтың айтуынша, алты ай нәтижесінде салықтық түсімдер бойынша жоспар 105,9 млрд теңге болса, бюджетке нақты түскені 121,5 млрд. теңге, яғни 15,6 млрд теңгеге артығымен орындалған (114,7%). Салық емес түсімдер бойынша жоспар 11,6 млрд теңге болса, 14,6 млрд теңге түскен. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жоспары 1,8 млрд теңге, ал нақты түскені – 3,1 млрд теңге. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, өзіндік кірістердің орындалуы бойынша өсім 15,3 пайызға жетті. Есепті кезеңге жоспар 19,9 млрд теңгеге артығымен орындалған. Оның ішінде табыс салығынан 8,9 млрд теңге, әлеуметтік салықтан 1,6 млрд теңге, меншік салығынан 3,8 млрд теңге, тауарлар мен қызметтерге салынатын ішкі салықтардан 795,7 млн теңге, міндетті төлемдер есебінен 403,3 млн. теңге қазынаны толықтырған.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі