jasqazaq.kz

Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды

02 шiлде 2025, 14:18

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашуға шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылық зор. Жуырда облыс басшысы Нұралхан Көшеров сондай инвестордың бірімен кездесті. Инвестор Түркістан облысында заманауи индустриалдық аймақ және Мақтаарал ауданы, «Атамекен» кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Нұралхан Көшеров: «Біз өндірісті өркендетуге жаңа зауыттар мен жұмыс орындарын ашуға басымдық беріп отырмыз. Инвесторларға инфрақұрылым бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Әрбір жобаны сүйемелдеп, бірге жұмыс істейміз», — деді.

Кездесу барысында әріптестік жөніндегі меморандум түзу бойынша келісім жасалды. Инвестор Мақтарал ауданы, «Атамекен» кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында электр жабдықтарын, пластмасса өнімдерін, жылу құбырларын және өзге де заттар шығаратын кәсіпорындар ашуды көздеп отыр. Сонымен бірге инвестиция тартып, бизнес орталық, жүк сақтау қоймаларын салу жоспарын да жеткізді. Бұл мәселелер зерделеніп, тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Жаңа бастаманы жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен қытай инвесторы арнайы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында «Түркістан» арнайы экономикалық аймағының индустриалды паркін салу жобасы жүзеге асырылады. Бұл жоба ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, өндірісті, сатуды және қызмет көрсетуді біріктіретін заманауи интеллектуалды индустриялық кластер құруға бағытталған. Жобаны Орталық Азияда энергетикалық жабдықтар, энергия үнемдейтін жарықтандыру құрылғылары, құбырлар мен клапандар, тұрмыстық тауарлар және тағы басқа өнімдер өндіретін жетекші өндірістік база мен технологиялық инновация орталығына айналдыру көзделуде. Жоба үш кезеңмен жүзеге асады. Инвесторлар өндіріс қуаттылығын кезең-кезеңмен іске қосу, нарықты кеңейту, отандық брендті дамыту жоспарда бар екенін жеткізді.

Сонымен қатар аймақта металлургия саласындағы терең өңдеу, тоқыма бұйымдарын өндіру және электрондық коммерцияға бағытталған логистикалық қойма, өндірістік зауыттар, кедендік қоймалар, кеңсе және тұрмыстық инфрақұрылым нысандарын салу жоспарлануда. Жоба арқылы Орталық Азия аумағында жоғары технологиялық өндіріс пен халықаралық сауда орталығын қалыптастырып, Түркістан облысының өнеркәсіптік дамуына және экономикалық өсіміне ықпал ету көзделуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде