jasqazaq.kz

Түркістан: Ұлттық рухты асқақтатқан жас өскін

28 мамыр 2025, 14:10

Бүгінгі жаһандану заманында өскелең ұрпақты рухани құндылықпен сусындату – маңызды міндет. Бұл олардың ересек өмірде алдынан шығатын қиындықтарды еңсеріп, жетістікке жетуіне, сондай-ақ ең бастысы, ұлттық тамырдан қол үзбеуі үшін керек. Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдердің рухани жағынан дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл орайда қалада жиі өткізілетін түрлі мәдени шаралардың маңызы зор.

Әуежай күмбірлеген күйге толды

Күні кеше Түркістан халықаралық әуежайында Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 100-ге жуық оқушысы бір мезетте домбыра тартып, жолаушылар мен қонақтарды өнерлерімен тәнті етті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аталған мәдени іс-шара Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2035 жылға дейінгі «Оқушылардың тұтас дамуы» стратегиясы аясында ұйымдастырылған «Домбыра» жобасының аясында өтті.

Талантты оқушылар «Кеңес», «Нәр ағашы», «Келіншек», «Тепеңкөк», «Балбырауын», «Ертұран» сынды күйлерді шебер орындап, әуежай ішін әсем күйге бөледі. Көпшілік шынайы алғыс білдіріп, ерекше әсермен тарқасты.

Іс-шара оқушылардың өнер арқылы рухани және адамгершілік құндылықтарын меңгеруіне, ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға бағытталған. Домбыраның күмбірлеген үні көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, көрермендердің жүрегіне ұлттық рух, тәрбие мен мақтаныш сезімін ұялатты.

«Балтаңдай» — үлкен өнерге баспалдақ

Түркістан қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балтаңдай» облыстық балалар өнер фестивалі басталды. Өңірдің барлық аудан-қаласынан келген 9-15 жас аралығындағы жас өрендер екі күн бойы ән, би, сурет, терме, драма бағыты бойынша сайысады.
Фестиваль — өнерге бейімі бар балалардың шығармашылығын қолдау, олардың талантын көпшілікке таныту және рухани дамуына мүмкіндік жасауға бағытталған. Байқаудың әділ әрі кәсіби деңгейде өтуін қамтамасыз ету мақсатында қазылар алқасының құрамына өнер мен мәдениет саласында тәжірибесі мол, беделді мамандар тартылды. Олар әр қатысушының орындаушылық шеберлігіне, сахналық мәдениетіне, тақырыпты ашу деңгейіне және көркемдік мазмұнына мән бере отырып, байқау талаптарына сай бағалайды.

Сонымен қатар, бүгіннен бастап «Фараб» кітапханасында сурет, терме және драма жанрлары бойынша байқау өтіп жатыр. Ал, ертең 28 мамыр күні «Керуен сарай» кешенінде қатысушылар ән және би жанрларында бақ сынайды.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 15:51
«Закон и порядок»: лекцию о цифровой безопасности провели для столичных школьников
10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников